Аудандық білім бөлімінің 2020 жыл 29 қыркүйек күнгі №08-04-01-1/938 санды хатын басшылыққа ала отырып,Лабай жалпы орта мектебінде 2020/2021 оқу жылында «Қауіпсіз мектеп автобусы»республикалық акция 2020 жылдың 22 қыркүйек пен 25 қазан аралығында акция бұйрығы шығарылды, және іс-шара жоспары жасақталып, бекітілді.

 

Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.

 

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану жұмыстары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды әрі қарай жандандыру мен түрлендіру туралы мектеп әкімшілігімен бірге жұмыс жасайтындығы айтылды. Аға тәлімгер Ю.Сапарова мен мектеп психологі С.Жумабаева сынып жетекшілер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үгіт – насихат жұмыстарын (лекция,әңгімелер,ескертпелер) сыныптарда тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыру барысында сынып жетекшілер тақырыптық сынып сағаттар өткізді. Жоспар бойынша жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша 30 қыркүйек күні мектеп тәлімгері мен 8-11 сынып оқушылар арасында флешмоб ұйымдастырылды.Онда оқушылар қызығушылықпен белсенділікпен қатысты.Аман –есен жүрейік ,жол тәртібін білейік»атты тақырыптарында бастауыш сынып оқушыларына сынып сағаттары жүргізілді. Жол ережелері және жол белгілері туралы өз ойларын ортаға салды. 7 қазан күні мектепте бейнелеу пәні мұғалімі мен бірлескен түрде «Жолда жүру қауіпсіздігін ескерейік»атты тақырыбында сурет байқауы және эссе жазу тапсырмалары ұйымдастырылды.Онда сурет байқауына қатысқан оқушылар қорытындыланып «Алғыс хатпен»марапатталды. 8- сынып оқушылары жол қауіпсіздігі туралы эссе  шығармашылық жұмыстар тексеріліп ,қорытындыланды. 7 қазан күні «Көшеде жүру және өзін-өзі ұстау ережелері» атты тақырыптарда жоғарғы сынып оқушыларына лекция оқылды. 9 қазан күні  мектеп психологы «Жол ережесін білемізбе?» атты тақырыбында 5-7 сынып оқушыларына сауалнама жүргізілді.Онда өз білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салды. 13 қазан күні «Жол жүрудің құқықтарын сақтайық»атты тақырыбында құқық пәні мұғалімі мен 5-11 сынып оқушыларына баяндама оқылды.

Дайындаған:С.Жумабаева