Жаңалықтар

Орталық жұмысы 5-15 жас аралығындағы балалардың шығармашылық қабілеттерін, инклюзивті білім беру мен моторикасын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. "Венера" инклюзивті шығармашылық шеберханасы аутизм, Даун синдромы, сал ауруы секілді дамуында ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейді, жаңа нысанда ата - аналарға психологиялық көмек көрсету мен қолдау шаралары да қамтылған. -Орталық 25 адамға арналған, мұнда балалармен логопед, арт-терапия, логоритмика мамандары айналысады.

Бүгінге дейін мың жарым қатысушы жүгіруге тіркелді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Биыл үшінші рет өткелі отырған дәстүрлі марафон кең көлемде болады және үш мыңға жуық қатысушы бақ сынайды деп күтілуде.

Акцияға қалалық билік бастамашы болып отыр және​ ол облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған, - деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің​ баспасөз қызметі. Атырау қаласының әкімі Әлімұхаммед Құттұмұратұлының тапсырмасымен, кезекті жалпықалалық сенбілік қарсаңында тұрғындарға көшеттерді тегін беру ұйымдастырылады. Аталмыш​ акцияоблыс орталығын көгалдандыруға бағытталған және дәстүрге айналмақ.

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Бүгін 2017 жылдың 21 желтоқсанында Астанада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Коллегиясының отырысы өтті.